Жаңалықтар

75 млн пара алған мемлекеттік қызметші сотталды

Фото: ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz

Әкімшілендіру басқармасының 38 жастағы жетекші маманы «Сырым» өткізу пунктінен жүк көліктерін кедергісіз өткізгені үшін жергілікті кәсіпкерден 75 млн теңге пара алған.

Заңсыз әрекет 2021 жылғы желтоқсанда бастап, 2022 жылғы қыркүйекке дейін жалғасқан. Күдікті кейін тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеу жарияланған.

Сот айыпталушыдан пара мөлшерінде қаржыны өндіріп, дүние-мүлкін мемлекет пайдасына тәркіледі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close