Әлеумет

2018 жылдың 1-тоқсаны бойынша оралмандар туралы анықтама

 2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша республикаға 2 545 отбасы немесе 4 416 этникалық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды.

Оралмандардың көбі – 43,2% Өзбекстаннан, 43,7% — ҚХР-нан, 5,7% — Моңғолиядан, 3,4% — Түркменстаннан, 0,6% — Ресейден  және 3,4% — басқа елдерден көшіп келді (адам саны).

Оралмандардың ең көп бөлігі: Алматы – 39,1%, ОҚО —  18,2%, Маңғыстау – 9,9% облыстарына және Алматы қ. – 6,9% қоныстанды.

Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар — 64,8%, 18 жасқа дейінгі балалар – 26,4% және зейнеткерлер – 8,8%-ды құрайды.

Білім деңгейі бойынша еңбекке қабілетті жастағы оралмандар қатарынан 14,9%-ң жоғарғы, 24,0%-ң арнайы орта, 49,2%-ң жалпы орта және 11,9%-ң білімі жоқ.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close