Қаржы және төлемдер
Медициналық бұйымдарды өндірушілердің қызметіне қатысты жемқорлық анықталды

Фото: ашық дереккөз
Антикор «Өзіміздің өнім» деп жүргендердің өтірігін шығарды, деп жазды qandastar.kz
Антикор Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметіне сыртқы талдау жүргізіп, көп мәселеге назар аударды.
Соның ішінде отандық медициналық бұйымдарды өндірушілердің қызметіне қатысты жемқорлық тәуекелдері анықталып отыр.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басқарма басшысының орынбасары Нұрбол Әбдірахманов журналист Дархан Абдуахитке берген сұхбатында айтты.