Мәдениет

Қазақстанның танымал тұлғалары жайлы көрме өтеді

Фото: ашық дереккөз

20 желтоқсанда, сағат 12:00-де Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің ашылуы өтеді, деп жазды qandastar.kz

Жоба «Туған жер», «Біз біргеміз» және «Жаңа Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырылуда.

Ғаламдану, мәдени және әлеуметтік өзгерістер жағдайында ұлттық бірегейлікті сақтау – мәдени кодты, мұраны және қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудың маңызды факторы. Бұл – рухани және мәдени сабақтастықты қамтамасыз ететін негіз. Ол біздің мәдениетімізді және ұлттық санамызды қалыптастыратын құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

«Біздің жеріміз – ұлттық бірліктің басты негіздерінің бірі»  және біздің міндетіміз – жастардың санасын оятып, олардың патриотизмін, көшбасшылық қасиеттері мен әлеуетін дамыту. Бұл мақсатқа Қазақстанның ұлттық тарихын, мәдениеті мен өнерін дамытуға үлес қосқан белгілі тұлғалардың жетістіктері арқылы қол жеткізуге болады.

Жобаға қатысушылар қатарында Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Роза Рымбаева және басқа да танымал тұлғалар бар. Олардың өмір жолы мен еңбектері жастарға өз ісінде табысқа жетудің үлгісі ретінде көрсетіліп, олардың кәсіби жетістіктерінің негізінде қандай адамгершілік құндылықтар жатқанын түсіндіреді.

«XXI ғасыр көшбасшылары және Қазақстанның танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық» көрмесінің мақсаты – келушілерді еліміздің танымал тұлғаларының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, олардың жетістіктері мен табыстарын суретшілер мен танымал адамдардың бірлескен еңбегі арқылы көрсету. Бұл көрме олардың шығармашылығы мен ерен еңбегінің еліміздің дамуы үшін маңыздылығын көрсетіп, олардың есімдерінің мәңгілікке ел жадында сақталатынын дәлелдейді.

Суретшілер адам бейнесі арқылы философияны, идеяны, ішкі жан-дүниені, эмоциялар мен оқиғаларды жеткізеді. Мұның бәрі кескіндеме туындысына айналады.

Бұл жоба жастарды шабыттандырып, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге баулуға, олардың санасы мен қиялын оятып, өнерге қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.

Қазақстанның танымал тұлғалары мен суретшілердің бірлесіп жасаған өнер туындылары еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің жылнамасын бейнелейді.

Жобаға қоғам қайраткерлері, еліміздің танымал тұлғалары, суретшілер және шетелдік қонақтар қатысты. Олардың қатарында: Ақмарал Құсайынова, Болат Хамзин, Мереке Нұрлан, Михаил Ведерников, Виталий Ведерников, Абдусамат Каримов, Гүзәл Айратовна, Михаил Коробков және т.б бар.

Көрмеде 100-ден астам танымал тұлғаның қатысуымен жасалған 150-ден астам өнер туындысы ұсынылады. Олар:

  1. Асанәлі Әшімов     20. Секен Тұрысбеков
  2. Мақпал Жүнісова    21. Ермек Кәрімжанұлы Тұрсынов
  3. Бибігүл Төлегенова    22. Мұрат Мұқтарұлы Әуезов
  4. Роза Рымбаева 23. Ибраимов Ермахан Сағиұлы
  5. Арманжан Байтасов 24. Мэлс Хамзаұлы Елеусізов
  6. Смағұл Елубаев 25. Тауекел Мүслім
  7. Жан Байжанбаев 26. Айбек Нұғымаров
  8. Олжас Омарұлы Сүлейменов 27. Сырымбек Тау
  9. Лаки Константинович Кесоглу 28. Өркен Кенжебек
  10. Бисенғалиев Марат Саметұлы 29. Қанат Ислам
  11. Бейсен Құранбек                               30. Дулат Исабеков
  12. Илья Александрович Ильин 31. Мухтар Шаханов
  13. Төрегелді Шарманов 32. Алтынбек Қоразбаев
  14. Ұлықбек Есдәулет 33. Рүстем Жаныаманов
  15. Жансейіт Түймебаев 34. Ринат Зайытов
  16. Асылы Осман 35. Бахтияр Артаев
  17. Әбдіжамил Нұрпейісов    36. Роза Әлқожа
  18. Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 37. Досымжан Таңатаров
  19. Болат Аюханов Ғазизұлы 38. Қайрат Закарьянов
  20. Алтынай Нөгербек 40. Бибігүл Нүсіпжанова
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close