Жаңалықтар

Талғар мен Қаскелеңнен Алматыға электр пойыздары қатынауы мүмкін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан жиында қала маңында қатынайтын электр пойыздары туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Талғар мен Қаскеленен келетіндер санының айтарлықтай артқандығын атап өтті. Әкім бұл мәселені электр теміржолдарын салу арқылы шешуге болатындығын жеткізді.

«Үкіметтен осы маңызды қоғамдық жобаны бастауға қолдау білдіріп, оның кезең-кезеңімен іске асуына ықпал етуді сұраймыз. «Алматы-Ұзынағаш бағыты бойынша бірнеше электр теміржол рейсі қосылды. Жаңа жылдан бастап Қапшағай бағытын қосамыз», — деді қала әкімі Сағынтаев.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close