Әлем жаңалықтары

Әділет министрлігі «Стати ісі» жабылғанын айтты

Фото: ehonews.kz

“Стати ісіне” ресми түрде нүкте қойылды, деп жазды qandastar.kz

Әділет министрлігі даудың түпкілікті шешілгенін хабарлады. 2024 жылдың шілдесінде Үкімет, Ұлттық Банкі және Стати тараптары мұнай мен газға қатысты кикілжіңді шешетін заңдық күші бар келісім жасасты. Соның негізінде барлық сот процестері тоқтады. Келісім құпия болып қалмақ.

Қазақстан молдовалық кәсіпкермен 13 жыл бойы соттасты. Сол үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінді. Бейресми мәлімет бойынша, Қазақстан билігі жыл сайын шетелдік адвокаттарды жалдауға $60 млн жұмсап отырған.

Молдовалық кәсіпкер Қазақстан билігін өздерінің меншігіне рейдерлік жасады деп айыптап, 2010 жылы халықаралық арбитражға жүгінген еді. Шағымдар Нидерланды, Бельгия, Люксембург, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ соттарында қаралды. Соның кесірінен бір кездері Ұлттық қор бұғатталып, Самұрық-Қазына активтеріне шектеу қойылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close