Жаңалықтар
Аягөзде төтенше жағдай орын алды
Фото: Pixabay
Абай облысының өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Аягөз қаласындағы Қабанбай көшесі бойындағы жеке тұрған трансформатордан өрт шыққан.
«Ауа-механикалық көбікті қолданған өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей толығымен сөндірілді», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Қала бойынша бірінші кезекте орталықтандырылған 6 жылу қазандығын іске қосу жұмыстары қолға алынып, қазіргі таңда бесеуі іске қосылды. Біреуін қосу іске асырылып жатыр.
«Тұрғындарға электр қуатын беру жұмыстарын «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ қызметкерлері ақаулықты жою барысында атқарып жатыр. «БЭСК» АҚ Үржар, Жарма аудандары мен Өскемен және Семей қалаларынан келген 7, сондай-ақ Аягөзден 3 бригада жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 30-ға жуық маман жұмылдырылды», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.