Жаңалықтар
Абхазия парламентінде болған атыстан бір депутат қаза тапты
Фото: ашық дереккөз
Абхазия парламентінде болған атыстан бір депутат қаза тапты, деп жазды qandastar.kz
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, оқиға майнингке тыйым салу туралы заң жобасын талқылаған кезде болған. Отырыс барысында депутаттар Адгур Харазия мен Кан Кварчия келіспей қалады. Вахтанг Голандзия әріптестерін ажыратпақ болған. Бірақ Харазия тапаншасын алып, олардың екеуін де атқан. Басына оқ тиген Вахтанг Голандзия қайтыс болды.
atamekenbusiness_qaz екінші депутат Кан Кварчия қазір ауруханада жатыр. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция оқиға орнынан ізін суытқан 65 жастағы Адгур Харазияға іздеу салды.