Жаңалықтар
12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына сотталды
Фото: stan.kz
Абай облысында 12 жастағы өгей қызын зорлаған педагог өмір бойына сотталды, деп жазды qandastar.kz
Сот мәліметінше, ер адам жұбайының жоқтығын пайдаланып үйде шарап ішіп, 12 жасар өгей қызын шарап ішуге мәжбүрлеген. Біраз уақыттан соң диванда жатып жәбірленушіні шақырып, телефоннан фильм көруге қасына жатқызған. Сосын қарсылық пен айқайына қарамастан, оның киімін шешіп, жыныстық сипаттағы әрекеттерді жасаған. Осылайша өгей қызына физикалық зақым келтірген.
Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінішін білдірді. Нәтижесінде, ол өмір бойына сотталды. Сондай-ақ педагогикалық қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.