Білім
Бұрынғы мұғалім директоры жайлы жазып, «фейсбукты шулатқаны» үшін істі болды
Фото: ашық дереккөз
Астана қаласында жұмыстан шығып қалған мұғалім Facebook әлеуметтік желісіне бұрынғы басшысы, яғни, өзі жұмыстан істеген мектептің директоры туралы пост жазғаны үшін істі болды, деп хабарлайды qandastar.kz
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп директорының арызын қараған.
«Мектептегі жұмысынан шыққан мұғалім Facebook әлеуметтік желісінде мектеп директорының заң бұзғанын жазған. Сондай-ақ, үйірменің мұғалімі оқушыларға орынсыз әрекет жасады деп хабарлай келе, директор бұл туралы білетінін, бірақ оған қатысты шара қолданбағанын айтқан», – деп хабарлайды сот.
Azattyq Rýhy жазғандай, судья оның постына филологиялық-психологиялық зерттеу жүргізіп, оның жазып отырғаны директордың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретінін анықтаған.
«Жазылған постағы ақпараттардың рас екенін дәлелдеу мұғалімнің мойнына жүктелген. Ол дәлел ұсынбаған. Сондықтан, судья оның постындағы мәліметтерді жалған деп тапты. Үкімге сай, мұғалім енді директордан әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрап, постын өшіруі керек», – деп хабарлайды сорттың баспасөз қызметі.