Жаңалықтар

Басшылар өз жалақысын көтерсе, қызметкерлерінің айлығын арттыру керек

Фото: ашық дереккөз

Басшылар өз жалақысын көтерсе, қызметкерлерінің айлығын арттыру керек, деп жазды qandastar.kz

Алдағы уақытта еңбек заңнамасына өзгерістер енгізіледі. «Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов талқылау жүргізіліп жатқанын айтты.

Егер ұсыныс қабылданса жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында жалақы теңдігі қалыптасады. Жаңа талап бойынша басшы өз жалақысын көтерсе, қызметкерлерінің де айлығын арттыруға міндеттелмек.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close