Жаңалықтар
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қоғамдық қолдау орталығы құрылады
Фото: ашық дереккөз
Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылын өткізуді қоғамдық қолдау Орталығы жаңа жылдан соң іске асырмақ, деп жазды qandastar.kz
Орталықты құру бастамасын «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры БАҚ өкілдеріне арналған арнайы іс-шарада жариялады.
Орталық ҮЕҰ, қоғам белсенділері мен Жұмысшы мамандықтар жылын лайықты өткізуге немқұрайлы қарамайтын азаматтар үшін ортақ алаңға айналмақ. Қор бұл үшін adalenbek.kz арнайы сайтын жасайды. Сайтта елдегі еңбек адамдарын қолдауға арналғанқоғамдық іс-шаралардың интерактивті Картасы жасақталады. Қор осы ретте, ақпаратты бір ресурста жинау үшін үкіметтік емес ұйымдарды бастамалары туралы ақпарат бөлісуге шақырады. Бұл кез келген қазақстандық үшін ыңғайлы болмақ, яғни бір сайтқа кіріп, өтетін іс-шаралар туралы ақпарат алып, қатысуға мүмкіндік береді. Ақпаратты adildik.org.kz@gmail.com поштасына жіберуге болады.
Сондай ақ, «Әділдік және өркендеу» қор Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бірқатартөл бастаманы жүзеге асырады.
Солардың бірі – «Еңбек даңқы» онлайн-кітабы. Бұл еңбекпен отбасын асырап, ел экономикасын еселеуге үлес қосып жүрген Сіз бен біздіңжақындарымыздың есімі жазылатын естелік кітабына айналады. «Еңбек даңқы» онлайн-кітабына кез келген қазақстандық лайықты дегенжанды қоса алады. Бұл кітап та adalenbek.kz арнайы порталына жүктеледі.
Қор журналистер мен блогерлерарасында «Еңбек адамы туралы ең үздік материалға» байқау жариялайды. Конкурсқа журналистер мен кемінде 3 мың жазылушысы бар блогерлер қатыса алады. Жұмыстар түрлі жанрда, бірнеше номинация бойынша қабылданады. Келіптүскен жұмыстарды құрамында беделді медиа мамандар мен қор өкілдері кіретін қазылар алқасыбағалайды.
Алғашқы жеңімпаздар Журналистер күніне орай марапатталады. Ал, 2025 жылдыңсоңында жалпы қорытындысы шығарылады.
«Бұл бастамалардың ішінде ерекше орын алатыны – «Еңбек даңқы» кітабы жобасы. Барлыққазақстандықты өз жақындарының еңбек жолытуралы естеліктерін бөлісуге шақырамыз.
Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл еңбекпенкелген нанның тәтті болатынына, қоғамның дамуыүшін адал еңбектің маңыздылығына ерекше екпінтүсіретін уақыт. Бұл бастамаларды бүкіл қоғамболып қолдап, жүзеге асыруға белсенді қатыссадейміз. Біздің мақсатымыз – ҮЕҰ, белсенділер мен барлық мүдделі азаматтардың күш-жігерін біріктіру, еңбек адамының беделін нығайту жәнеәлеуметтік әділдік құндылықтарын ілгерілету.
Елімізде Жұмысшы мамандықтар жылын өткізудіқоғамдық қолдау Орталығы күшіміз бен үніміздібіріктіретін платформаға айналады деп сенеміз. Бізбіріге отырып, еңбек адамының елдің болашағымен өркендеуінің қуатты негізі болатынын көрсетеміз!»,- деді Қор директоры Дана Рысмұхамедова баспасөз мәслихатында.