Жаңалықтар

Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған тағы бір айыпталушыға үкім шықты

Фото: egemen.kz

Қызылорданың №2 сотында сотталушы Ж.-ға қатысты бірнеше рет кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айнылысуға тартумен ұштасқан жеңгетайлық фактісі бойынша қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды, деп жазды qandastar.kz

Сотта анықталғаны:

  • Сотталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, пайдакүнемдік мақсатты көздеп, оны бірнеше рет жезөкшелікпен айналысуға тартқан.
  • Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру және беттестіру жүргізу хаттамаларымен,жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді.

Тараптардың ұстанымы:

  • Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, ҚК 55-бабының 2-бөлігін қолдана отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
  • Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешіретінін және жазаға қатысты мәселені соттың қарауына қалдыратынын көрсетті.
  • Қорғаушы сотталушыны ҚК-тің 309-бабы 2-бөлігі 2),3)-тармақтары бойынша ақтауды сұрады.

Сот шешімімен:

  • ҚК-нің аталған бабының санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. ҚК-тің 53-бабына сәйкес, іс бойынша жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас баласының болуы танылады.
  • Ауырлататын мән-жайлар айыптау актісінде көрсетілмеген. ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 2) тармағына сай, жазаны жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жаза мерзімі ҚК-тің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің 2/3-нен асыруға болмайды делінген.
  • Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close