Жаңалықтар
Уақыт белдеуінің денсаулыққа әсерін зерттеуге кететін қаражат мөлшері қысқарды
Фото:7kun.kz
Уақыт белдеуінің денсаулыққа әсерін зерттеуге кететін қаражат мөлшері қысқарды, деп жазады qandastar.kz
Осыған дейін бұл жұмыстарға 100 млн теңге қажет екені айтылды. Енді ел билігі оған 54 млн теңге көлемінде қаржы бөлуге дайын. Ғылым комитеті әзірлеген жобаның конкурстық құжаттамасында осылай деп жазылған.
«Бағдарламаның мақсаты – бірыңғай уақытқа көшудің қазақстандықтардың психикалық және физикалық денсаулығына әсерін бағалау, денсаулыққа қандай да бір жағымсыз салдарлар анықталған жағдайда, оларды азайту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар дайындау», – делінген құжатта.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, зерттеу 2025 жылға жоспарланған