Жаңалықтар

Алматыдағы көшеге Мөңке бидің аты берілді

Алматыдағы көшеге дала данышпаны, ұлы би, жырау Мөңке би Тілеуұлына аты берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салтанатты шараға тарихшы-зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері мен бидің ұрпақтары қатысты.
Мөңке би 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген тарихи тұлға, кемеңгер ойшыл. Би туралы Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Жұбанов еңбектерінде, жазушы Әбіш Кекілбайұлының «Елең-алаң» романында тарихи деректер көрсетілген.
Жиын барысында ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, би туралы тарихи деректер мен аңыз әңгімелер жинақталған кітаптың тұсаукесері өтті.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/352026-almatyda-y-k-shege-m-ke-bi-aty-berildi

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close