Жаңалықтар

Астанада Дариға Назарбаеваға қатысты компаниядан қонақүй тартып алынды

Фото: ашық дереккөз

Бұрын Дариға Назарбаева мен Қайрат Шәріпбаевқа қатысы бар компанияға тиесілі болған Астанадағы «Думан» қонақ үй кешені қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияға берілді, деп qandastar.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Қайтарылған активтерді басқарушы компания» ЖШС балансына жалпы сомасы 89,9 миллиард теңге болатын 70 актив (соның ішінде 2,8 миллиард теңгенің зергерлік бұйымдары) берілді.

“Бұл тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестері (“Жаркент су”, “Тұлпар”), өндірістік база, асхана, жанар-жағармай құю станциясы, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс”, – делінген Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания хабарламасында.

Қазақстанда төрт актив, яғни Астанадағы екі қабатты тұрғын үй мен Алматыдағы үш актив (Байтұрсынов көшесі, 46 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимарат; Наурызбай ауданы, Байтақ шағын ауданындағы жер телімі, «Орион» бизнес орталығы) сатылды.

Біріккен Араб Әмірліктерінде Aston Martin, Rolls-Royce көліктері, шетелде және Түркияда үш жылжымайтын мүлік (Мугла Бодрум аймағындағы екі тұрғын үй, Gökçebel кварталы, Тилкичи және Стамбулдағы пәтер) сатылды.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың жаз айында Дариға Назарбаева Каннда 50 миллион теңгелік қайырымдылық аукционына отбасымен бірге қатысқан еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close