Қаржы және төлемдер

Әрбір үшінші қазақстандық өзінің табысын жасырады

Фото: ашық дереккөз

Әрбір үшінші қазақстандық өзінің табысын жасырады, деп жазды qandastar.kz

Олар бейресми жұмыс істеп, нәтижесінде әлеуметтік кепілдіктерден қағылып отыр. Бұл еңбек құқықтарының қорғалмауы, болашақта зейнетақының тиісті деңгейге жетпеуі секілді қауіп-қатерлерге әкеледі. Adam Research сарапшыларының зерттеуіне сүйенген Energyprom сайты осылай деп жазды. Әлеуметтік сауалнама нәтижесі респонденттердің 36,4%-ы ресми емес жұмыспен қамтылғанын көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш әйелдерге қарағанда ерлер арасында жоғары.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, қызметкерлердің 16,6%-ы жалақыны конвертпен алса, 13,6%-ы көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Тағы 6%-ында тұрақты жұмысы болмаған. Бұл ретте ресми жұмысқа тұрмағандардың орташа табысы 100 мың теңгеге де жетпейтін көрінеді. Алайда көлеңкелі бизнесте жүргендерде бұл көрсеткіш бірнеше есе асып түскен. Конвертпен жалақы алатындар табысы қажеттілікке жетпейтінін айтқан. Ресми мәліметтерге сәйкес, былтыр елімізде 1,2 миллион адам бейресми жұмыспен қамтылған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close