Жаңалықтар

Қ.Тоқаев қытайлық компанияға қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруді міндеттеді

Мемлекет басшысы «CNPC» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньді қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент компания басшылығына қазақстандық жұмысшылардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіруге қатысты бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыру керектігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай арасындағы тату қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне «CNPC» компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

Өз кезегінде Ван Илинь Мемлекет басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, компания алдына қойылған міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Ван Илинь мырза, елімізге қош келдіңіз! Компанияларыңыз өте танымал. Біз оны жақсы білеміз. Қазақстандық нарыққа бірінші болып келген компаниялардың бірі. Елдеріңізге жасаған мемлекеттік сапарым кезінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзамен келссіөөдер жүргіздім. Біз декларацияға қол қойдық. Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестік елдер екені мәлім. Бұл бағыттағы әріптестік жалғасады. «CNPC» компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды рөл атқарады.

Ван Илинь, «CNPC» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы:

– Құрметті Президент! Кездесуге уақыт бөлгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Қазақстанмен әріптес болып, жұмыс істеуімізге мүмкіндік бергеніңіз үшін сізге «CNPC» компаниясының атынан алғысымды айтқым келеді. Қытайлық компанияда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысын көтеруге, олардың айлығын шетелдіктермен теңестіруге тікелей Ақтөбе облысының әкімі де міндетті болмақ. Бұл мәселелер екі жақты келіссөздер негізінде шешілуі тиіс.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

– Мемлекет басшысының қойған талабы, берген тапсырмасы осы жуық арада келіссөз арқылы жергілікті тұрғындардың, яғни акционерлік қоғамда істеп жатқандардың айлықтарын көбейту. Сонымен қатар қазақстандық мекемелердің қызметі мен үлесін, тауар өткізудің көлемін ұлғайту.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close