Жаңалықтар

Зейнетақы жинағын кімдер баспана сатып алуға жұмсай алады

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын баспана сатып алуға беру мәселесі әлі талқыланып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының базасында Ұлттық банкпен бірге зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Статистиканы зерделеудеміз. Өкінішке орай, ол республикалық бюджеттен төленетін әлеуметтік зейнетақы көлемі жыл сайын белсенді өсіп келе жатқанын көрсетті», – деді ол.

Оның атап өтуінше, азаматтар зейнетке шыққаннан кейін зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жалақының 70 пайыз көлемінде зейнетақы алуға мүмкіндік беретін жинағы болуы тиіс.

«Мұндай зейнетақы жинағы бар салымшылардың саны аз. Сондықтан қазіргі уақытта талқыланып жатқан тетік жинағының жеткілікті көлемі бар аздаған ғана салымшыға қатысты болмақ», – деді банк төрағасы.

Л.Ибрагимованың атап өтуінше, бұл мәселеге қатысты шешім жылдың соңына қарай әзірленетін болады.

«Егер қазір барлық қазақстандыққа зейнетақы жинағын жұмсауға рұқсат беретін болсақ, онда 15-20 жылдан кейін билікке мемлекеттік бюджеттен зейнетақы төлемдеріне тағы да ақша сұрауына тура келеді»,- деді ол.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close