ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда 38 градус аязға төзімді дизель өндіру қолға алынды

Бұл отын түрі бүгінгідей аязда отандық тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие болатыны белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Суыққа сөзімді сұйық отын жанармай бекеттеріне қашан жеткізіледі?

Аязға төзімді дизельдің алғашқы партиясы Атырау мұнай өңдеу зауытынан 14 қарашада жөнелтілді. Бұдан бөлек, «Күрті-Қапшағай» жолын қайта жаңғырту жобасына қанша қаржы жұмсалады. Алматыдағы ақылы автотұрақ қала қазынасына қанша пайда әкелді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты 38 градус аязға төзімді дизель шығара бастады. Ол К5 экологиялық санатқа сәйкес келеді. Яғни, құрамында күкірт пен парафиндері аз және төмен температураның ерекшеліктеріне әсер ететін қоспалары жоқ. Бұл технологиялық процестің таза өнімі.

Зауыт басшылығы осы айдың соңына дейін барлығы 3,5 мың тонна сұйық отын жөнелтуді жоспарлап отыр. Khazar-38 дизель отыны зауыт үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де бірегей өнім.

Айта кетейік былтыр мұнай өңдеу зауыты мұнай өнімдерінің бірнеше түрін шығара бастады. Ол кезде дизельдің суыққа төзімділігінің шекті температурасы 32 градус болатын. Алайда, биыл кешенде жаңа қондырғыларын іске қосудың арқасында 38 градуста қатпайтын дизель шығару мүмкіндігіне ие болды.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close