Жаңалықтар

Семейде шырша безендіру кезінде құлап, жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты

Фото: ашық дереккөз

Семейде шырша безендіру кезінде биіктен құлап, жарақат алған мұғалім ауруханадан шықты, – деп хабарлайды  qandastar.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

«Ол мұғалім бүгін таңертең ғана ауруханадан шықты. Оның аман-сау шыққаны туралы хабар жетті. Бұл іс қазір әкімдік бақылауында. Бірінші кезектегі шаралар қабылданды. Жауапты адамдар жазаланды», – деді министр.

Министр осы оқиғадан соң қандай жауапты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылғанын да атап өтті.

– Қала әкімінің орынбасары сөгіс алды. Білім бөлімінің басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заңның орындалуына немқұрайлы қарағаны үшін қызметінен босатылды. Үш директор тәртіптік жауапкершілікке де тартылды. Осы бағытта өтемақы төлеу бойынша жұмыс жалғасуда, – деді Бейсембаев.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close