Әлем жаңалықтары
Моңғолия халқы үкіметтің отставкасын талап етті
Фото: ашық дереккөз
Моңғолия халқы үкіметтің отставкасын талап етті, деп жазды qandastar.kz
Ұлан-батырдан тыныштық кетті. 3 мыңға жуық қала тұрғыны орталық алаңда шеруге шықты. Наразылық білдіргендер атқарушы билік елдегі жемқорлық, ауаның ластануы, жұмыссыздық, жол кептелісі және салықты төмендетуге қарсы күресте дәрменсіз деп отыр. Сенбінің өзінде көтеріліс 10 сағатқа созылған. Арнайы жасақ үкімет үйіне шабуылдамақ болғандарды тоқтатты.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, митингті «Азаттық альянсі» партиясы ұйымдастырған. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, наразылықтар 22 қаңтарға дейін жалғасуы мүмкін. Үкіметті 2021 жылдан бері Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэ басқарып отыр.