Әлем жаңалықтары
Оңтүстік Кореяның президенті тұтқындалды
Фото:Yonhap
Полиция Оңтүстік Корея президентін қамауға алды, деп хабарлайды qandastar.kz
Yonhap агенттігінің жазуынша, жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы бірінші басшыны ұстау үшін бұрын берілген ордер орындалғанын хабарлады.
«Сәрсенбі күні тергеушілер Президент Юн Сок Ёльді резиденциясынан ұстады. Тиісті бұйрық таңғы сағат 10:33-те орындалды. Одан жауап алу үшін алып кетті», – делінген хабарламада.
Биліктен шеттетілген президент жауап алуға баратынын жеткізді. Ол елде бүлік шығаруға әрекеттенді және билікті асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр.
Айта кету керек, 3 желтоқсан күні Юн Сок Ёль өз елінде әскери жағдай жариялады, арада бірнеше сағат өткен соң парламент бұл шешімнің күшін жойды.