Жаңалықтар

Президент қызмет барысында қайтыс болған полицейді наградтады

Фото: полиция
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында қайтыс болған полиция қызметкерін марапаттады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды qandastar.kz

2025 жылғы 14 қаңтарда таратылған хабарламада:

«Алматы облыстық ПД патрульдік полиция батальонының инспекторы, қызметтік міндетін атқару кезінде қайғылы қазаға ұшыраған полиция аға лейтенанты Шалхар Байжомартов 3-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, марапатты марқұмның әкесіне Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков тапсырған.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылы 20 желтоқсанда Алматы-Өскемен тас жолының 42-ші шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасын тіркеу кезінде көліктердің бірі тізгінге ие бола алмай, полиция қызметкерін қызметтік көлікке қағып, соның салдарынан ол қайтыс болды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close