Жаңалықтар
Қостанайда өрттен қаза тапқан 5 баланың анасы сотталды
Фото: ашық дереккөз
Жітіқарада өрттен қаза тапқан 5 баланың анасы сотталды, деп жазды qandastar.kz
Қостанай облысының тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.
Іс материалынан белгілі болғандай, қайғылы оқиға күні сотталушы балаларын қараусыз қалдырып кеткен және үлкен ұлына пеш жағуды тапсырған. Баласы ағаш, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жаққан, бұдан бөлек пештің жанындағы белгісіз сұйықтық құйылған пластик бөтелкені отқа тастап жіберген. Салдарынан үйді жалын шарпып, бес бала көз жұмған.
Әйел кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтқан және оны бас бостандығынан айырмауды өтінген.
Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.