Жаңалықтар
Қылмыстық кодексте жаңа бап пайда болды
Фото: ашық дереккөз
Мәжілісте кейбір заңнамалық актілеріне “сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша” және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды, деп жазды qandastar.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұловтың айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар «жедел-іздестіру қызметі туралы» заңға түзетулер енгізуді көздейді.
«Заңға енгізілген түзетулер бопсалау белгілері болған кезде заңсыз сыйақы алу фактілерін анықтау мақсатында арнайы жедел іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жауапкершілікті көздейтін 247-1-баппен толықтырылады», – деді Сарқұлов мәжіліс отырысы кезінде.
Антикор төрағасының бірінші орынбасары атап өткендей, бұл тек алушыларды ғана емес, заңсыз сыйақы берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.