Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Қазақстандық Қытайда ММА чемпионы атанды
Фото: скрин видеодан
18 қаңтар Люйлянда (Қытай) жергілікті JCK Kings 007 лигасының ММА жекпе-жек турнирі өтті. Аталмыш іс-шарада бұрын-соңды жеңіліс таппаған қазақстандық Көшен Ақанов (5-0) Kubulan Tursynbek-пен (15-12) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды qandastar.kz
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшылар арасындағы бәсекелестік жоғары болды, алайда бұл турнирде елордалық құтқарушы Көшен Ақанов қарсыласынан мықты болып, чемпион атағына ие болды.
Бұл жекпе-жек бойынша шақыртуды 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді, алайда ол жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.