Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қытайдағы қазақ боксшысы «Канело» промоутерлерінің бокс кешінде жеңіске жетті

Қытайдың намысын қорғаған этникалық қазақ Бейсенбі Нәсиоллаұлы мексикалық Сауль Корралды жеңді, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат.

Жекпе-жек Fantasy Springs аренасында (АҚШ, Калифорния) бірінші жартылай орта салмақтағылар арасындағы бәсекеде өтті.

Нәсиоллаұлы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Бұл Нәсиоллаұлының АҚШ-тағы екінші айқасы. Ол бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен ганалық боксшы Фредрик Лаусоннан жеңіліп қалған еді. Этникалық қазақ кәсіби боксқа 2015 жылы келді.

Айта кетейік, бокс кешін мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің ісімен айналысатын Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close