Жаңалықтар

Түрмедегілер өздеріне қол салды: Жезқазған түрмесінің 11 қызметкері жазықсыз сотталып кетпек пе?

Фото: Орда.кз

Сотталғандармен жұмыс істейтін мекемеде, өздері солардың қатарына кіріп кеткен қызметкерлер жайлы естіп пе едіңіз? Тасада жылап қалған анасы, артында күтіп отырған жары мен бала-шағасы қалған қызметкерлер расымен де кінәлі ме? Жалпы, Қазақстандағы «ең тыныш өңір» аталатын Жезқазғанда қандай шу болды? Orda.kz тілішісі осы іс жайлы баяндады, деп жазды qandastar.kz

2023 жылдың 31 мамырынан 1 маусымға қараған түні Жезқазғанның №62 мекемесіндегі сотталушылар көтеріліс жасап, салдарынан  сот 11 қызметкерді «күш қолданды» деген айыппен бас бостандығынан айырса, ата-аналар тарапы оларды жай ғана өз міндетін атқарды деп ақтайды.

Екі кештің арасында оқиға қалай басталды?

 Үкім бойынша 31.05.2023 жылы сағат 21:25 шамасында Жезқазған қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан мекеменің режимдік бөлімінің бірінші қабатында №6505 әскери бөлімнің 8-жеке атқыштар ротасының бақылаушы маманы Б.Т.Елемесов ішімдікке масаң күйдегі сотталған А.В.Ушенинді №4 қапасқа кіргізуге алып бара жатқан кезде тексеріп, одан қара түсті «Samsung» маркалы ұялы телефон тауып алады. Сотталған А.В.Ушенин қолында тұрған ұялы телефонды жерге тастай салады және қызметкерлер А.В.Ушенинді жерге жатқызып қояды. Сол күні сағат 21:29 шамасында мекеме бастығының кезекші көмекшісі А.У.Түсіпбеков жерде жатқан сотталған А.В.Ушенинді орнынан тұрғызып, оны ішкі тәртіпті өрескел бұзғаны үшін ҚАК-тің №1 тәртіптік изоляторына қамаған.

Оқиға осылай басталған. Кейін ызаға берілген сотталушылардың кейбірі дәретханаға кіріп, өз қарнын, мойнын тілгілеп, жараланып шыққан. Сот шығарған үкімде №62 мекеме қызметкерлері сотталғандардың намысына тиетін сөз айтып, оларды жазықсыз ұрғаны туралы оқиға жазылған. Ал ол үкімге 11 қызметкер келіспейді.

Сотталған 11 қызметкер кімдер?

  • Құрманғазы Қабылдаұлы Бекбосынов – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекемесінің басшысы.
  • Халимулла Кисхан – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекеме бастығының режим
    және жедел іс жөніндегі орынбасары.
  • Мейір Қайырберліұлы Қайырберлі – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекемесі
    қызметі бастығының кезекші көмекшісі.
  • Айдар Маратұлы Ахметжанов – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бөлімі теологиялық, оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша тобының инспекторы.
  • Ғазиз Сейтбекович Кусманов – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекеменің жедел бөлімінің діни экстремизмге қарсы әрекет ету тобының жедел уәкілінің міндетін атқарушы.
  • Бекболат Нұрланович Тұрғанбаев – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекеменің режим бөлімінің жедел уәкілі.
  • Азамат Қанатұлы Тұрсынов – Қылмыстық атқару жүйесі департаменті №62 мекемесінің кезекші
    қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі міндетін атқарушы.
  • Еркебұлан Құсанұлы Төлегенов – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің 8-атқыштар ротасының 1-взвод әскери жасақ бастығы.
  • Дархан Рахметуллаұлы Балмағанбетов – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің 8-атқыштар ротасының 1-взвод әскери аға бақылаушысы.
  • Мағжан Орынбасарұлы Төлеген – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің 8-атқыштар ротасының 1-взвод әскери бақылаушысы.
  • Александр Сергеевич Сиротенко – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №6505 әскери бөлімінің 8-атқыштар ротасының 1-взвод әскери бақылаушысы.

Аталған қызметкерлердің бәрі осы оқиғада істі болған деп танылды. ҚР ҚК 146-бабының 3-бөлігінің 1,3-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін оларға 4 жылдан 6 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Кінәлі емес екені туралы дәлелі бар, бірақ 4 жылға сотталды

Оқиғаның төрікіні – Айдар Ахметжанов. Ол 2015 жылдан бері №62 мекемеде қызмет етеді. Міндеттеріне экстремизм үшін сотталғандарды түзеу жолына қою және радикалды идеялардың зияны туралы хабардар ету үшін теолог маманы ретінді исламды үйрету кіреді. Анасы Жанұзақова Зәурештің айтуынша, сот оны сотталған Колесников Евгенийді «жамбас тұсынан тепті» деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырған және де Ахметжанов болған оқиғаға тек 2-3 минут қана қатысқан.

«Бірақ «жамбасынан тепкі алған» азамат қарама-қарсы 1-инстанцияда өтініш жазды. Ол өтінішінде: «Ахметжановтың маған ешқандай қатысы жоқ, соққы да жасаған жоқ» деген қағазға қолхат күйінде қолын қойып, сотқа өткізеді. Оны тексеру үшін қайта-қайта «сені ешкім қинаған жоқ па?» деп сұрақтың астына алған, бірақ ол өзі жазғаны, оны ешкім қинамағаны туралы айтты, – деді Ахметжановтың анасы.

Міне қызық, қалған қызметкерлер Айдардың 4 жыл бас бостандығынан айрылғанына таңқалған. Сот кезінде тіпті одан ұлының не үшін сотталып жатқанын да білгісі келген. Одан кейінгі аппелляциялық сотта түрмеде шу көтерген сотталғандар «басшысы» қатысып, Ахметжановтың айыпталғандардың қатарынан көргенде, теологтың ол жерде не істеп тұрғанын сұраған және 3 күн қатарынан оны босатуын өтінген.

«1-ші инстанцияда прокурор ер адам болған еді, 2-шісінде әйел адам болды. Ол жәбірленушінің өтінішінен кейін өзгеріс енгізгісі келді ме, уақыт сұраған болатын. Бірақ шешімді тура 1-инстанциядағыдай еш өзгеріссіз оқыды. Ол кезде әйел адам болған соң ба, оқиға оған қатты әсер етті. Өйткені сотта ол шешімін жылап тұрып, бізге теріс қарап оқыды»,– деді Айдардың анасы.

Анасы судьяның өзіне барып, баласының дәлелі бола тұра, оны қалай соттап жібергенін сұрағанда ештеңе деместен орнынан тұрып, кетіп қалған. Прокурорға барған кезде де ол да жылаған бойы сот кабинетінен шығып кеткен.

Сондай-ақ, Ахметжанов сияқты Бекболат Тұрғанбаевта да жәбірленуші тараптан шағым жоқ.

Сот үкімі бойынша, мекеме қызметкері Б.Н.Тұрғанбаев лауазымды адам бола тұра, адамдар тобы сағат 00:10:25 уақытта сотталғанды кемсiтуге негiзделген себеп бойынша тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіруге бағытталған қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асырып, жерде жатқан Н.В.Завьяловтың ар-намысына нұқсан келтіріп, арқасына оң аяғының тізесімен отырған және сағат 00:22:27 уақытта әріптесінің қылмыстық пиғылын қолдап, сотталғандарға психикалық және физикалық қысым көрсету арқылы, әрі қарай одан сайын үрейлендіріп, соңғылардың іс-әрекетінен қорқып дәлізде жүгіріп бара жатқан сотталған Е.А.Колесниковтің жамбасынан аяғымен бір рет тепкен.

Ал өз сөзінде Тұрғанбаев оқиға болған күні 8:00-18:00 арасында жұмыс істегенін, 23:00 мекеме аумағына қайта келгенін айтқан және аппеляциялық сот кезінде сотталушы Колесников оған да ешқандай шағымы жоқ екені туралы қолхат жазған.

Жаралы сотталушыны ауруханаға апарамын деп, 4 жыл 6 айға сотталды ма?

Тағы да көтеріліске толық қатыспаған – Азамат Тұрсынов. Сот үкімінің ол туралы мәлімдемесіне сүйенсек, дабыл белгісімен келген мекеме қызметкері А.К.Тұрсынов сотталғандарға қатысты лауазымды адам бола тұра, адамдар тобы болып, кемсiтуге негiзделген себеп бойынша тән зардабын немесе психикалық зардапты қасақана келтіруге бағытталған қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыра отырып, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, А.В.Ушенинді қапастың ішінен қансырап жатқанына қармастан, аса қатігездікпен оны аяғынан ұстап сүйретіп, дәлізге алып шығады да, сағат 00:24:36 уақытта А.К.Тұрсынов аяғымен жәбірленушінің арқа тұсынан бір рет соққы жасайды.

Ал Азамат Тұрсынов сотта тағылған айыпты мойындамады. Оның айтуынша, Ушенин қапаста жатқан кезде, оны шығуын сұрады, алайда сотталушы оған түрлі балағат сөздер айтқан. Қансырап жатқан Ушенинді сыртқа шығарып, ауруханаға алып барған. Кейін мекемеге қайта оралған соң, ол өзінің қызметтік міндеттеріне кіріскен. Барлық қаруды өткізіп тастаған және ешқандай да арнайы құрал қолданбаған сондай-ақ, ешкімге физикалық күш қолданбаған.

«Аппеляциялық сотта айыпталушы тарап сарапшы жалдадық. Біз заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Қоғамовқа жүгінген болатынбыз. Оның айтуынша, Тұрсыновтың құқық бұзушылық жасау көрсеткіші ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабының 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша қаралған, дегенмен ол тұтқындарға мұндай азаптау қолданбаған», – деді Азамат Тұрсыновтың анасы.

Сондай-ақ Азаматтың әкесі де аппеляциялық сотта болғанын айтты. Оның сөзінше, Азамат нәбәрі 2 минут оқиғаға қатысып, қансырап жатқан Ушенинді сыртқа шығарған.

«Мен аппеляциялық сотта басынан аяғына дейін болдым. Сонда жәбірленуші Ушенин сотта кімнің ұрғанын айтып отырды, бірақ біздің ұлды мүлдем аузына алмады. Ол 2 минут қалғанда келді де Ушенинді шығарды. Камера алдында жиналып, нұсқаулықтар өткен кезде менің ұлым болмаған да», – деді Тұрсыновтың әкесі.

Сарапшының қорытындысы

1-инстанция сотына «Қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы» кафедрасының оқытушысы, подполковник Тұранов Асхат Жақсыбайұлы осы іске араласып, әскери-жарғылық зерттеу жасаған. Сарапшының зерттеуі нәтижесіне сүйенсек, әскери қызметкерлердің (Еркебұлан Төлегенов, Дархан Балмағанбетов, Мағжан Төлеген, Александр Сиротенко) ісі – заңды.

Айыптаушы тараптың да пікірін қамтуға тырыстық. Осыған байланысты, 1-инстанция сотында төрелік еткен Тамара Королевскаяның баспасөз хатшысына хабарластық. Алайда, баспасөз хатшысы Азиза Сали бұл іс бойынша пікір білдіруден бас тартты. Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (ҚАЖК) ресми сауал жолданды.

Көріп тұрғандарыңыздай ол сот ісімен толық танысу үшін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына сілтеме жіберген. Сілтемеде әскери сот туралы ақпарат мүлдем жоқ. Ал қорғаушы тараптың келесі үміті 3-инстанция – кассациялық сотта, оның қашан болатыны әзірге белгісіз.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close