Жаңалықтар

Шығыс Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты

Фото:PiotrZakrzewski

Шығыс Жезқазған кенішіндегі Анненская шахтасында қайғылы оқиға болды. Бұл туралы туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды qandastar.kz

«Өндірістік апат салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұсақтағыш қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», — делінген хабарламада.

Қазақмыс басшылығы мен ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтатыны жазылған.

«Қаза болған жұмысшының отбасына барлық қажетті көмек, ұжымдық шартта қарастырылған төлемдер, оның ішінде жерлеу шығындары көрсетіледі», — деп жазды компания.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close