ЖаңалықтарҚР азаматтығын алу

Азаматтық алу үшін құжат саны азаяды — Абаев

Астанада өтіп жатқан «Отандастар. Болашаққа бағдар»  атты халықаралық жиында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осылай деді.

 

«Қазіргі кезде қандастар 46 құжат жинайды. Біз бұл құжат санын 20-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, бұл құжаттарды жинау үшін отандастарымыз бірнеше ведмоствоны аралайды. Біз бұдан былай бұл құжаттардың барлығын бір жерден — Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алатын болады,»  — деді министр.
Оның айтуына қарағанда бұл жұмыстар 2021 жылдың үшінші тоқсанында толықтай аяқталады.

Ержан ЖАУБАЙ
Фото: автордан

Дереккөз: BAQ. KZ

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close