Жаңалықтар

Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді

 16 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді.

Алатау баурайындағы бокс кешіне Қазақстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия, Филиппин, Таиланд, Грузия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ресей Федерациясының боксшылары қатысады.

Ауқымды спортты іс-шара Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Бокс кешінің билеттері сатылымға түсті.

Еске салайық, 16 желтоқсанда Қазақстан намысын MTK Global боксшылары қорғайды. Олардың арасында Сұлтан Заурбек, Виктор Котогигов, Искандер Харсон, Елшат Нигметолла, Рей Сейтжанов, Абай Төлеш, Нұрдос Төлбай, Мирасәлі Сәрсенов, Нұртас Әжбенов бар. Сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне арналған бокс кешіне Өзбекстан Олимпиада чемпионы Фазлиддин Гаибназаров та қатысады.

Тағы бір жаңалық бұл бокс тойын ESPN арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал ұйымдастырушы — MTK Global компаниясы.

Осы бокс кеші аясындв бірнеше іс-шара жоспарланып отыр. 14 желтоқсанда ашық жаттығу, баспасөз мәжілісі, салмақ өлшеу және боксшылардың көзтүйістіруі өтеді.

Айта кетейік, кәсіпқой бокс кеші 16 желтоқсанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сағат 19:00-де басталады.

BAQ.KZ

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close