Жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге үндеу жасады

Фото: ашық дереккөз
29 қаңтарда Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға кезекті рет үндеу тастады, деп жазды qandastar.kz

Қаңтар айында адамдар зардап шеккен ірі жол апаттары тіркелді. Басты себеп – шектеулі көріну жағдайында қауіпсіз жылдамдықты сақтамау, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Сондықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жолдардың ең көп кептелетін учаскелерінде жылдамдықты шектеу туралы шешім қабылданды.

«Астана-Щучинск және Астана-Қарағанды ​​бағыттарында 3.24 «Жылдамдықтың максималды шегі 60 км/сағ» белгілері орнатылды, олар нашар көріну, көктайғақ немесе басқа да ауа райы факторлары жағдайында ғана жарамды», – делінген хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close