Жаңалықтар

Экс-вице-министр ректор болып тағайындалды

Фото: министрлік
Дархан Ахмед-Заки Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы 2025 жылы 29 қаңтарда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды qandastar.kz

 Бұл қызметке ол 2023 жылдың қыркүйек айында тағайындалған еді.

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close