Жаңалықтар

Президент Қорғаныс министрін қабылдады

Фото: Ақорда

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп жазады qandastar.kz

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close