Жаңалықтар
Президент баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев баспасөз қызметкерлерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының құттықтау мәтінін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz
«Қадірлі баспасөз қызметкерлері!
Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.
Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді.