Жаңалықтар

Ақтаудағы трагедия: Апат алдындағы ұшқыштардың диалогы жарияланды

Фото: ашық дереккөз

Шамамен сағат 05:15-те ұшқыштар жердегі диспетчерлермен шұғыл байланысқа шығады. Әуелде олар «екі рет дүңк еткен қатты соққы сезілді, шамасы ұшаққа құстар соғылған болуы керек…» ойлап қалған. Артынша ең жақын маңдағы әуежайға қонуға рұқсат сұраған, деп жазады qandastar.kz

Сол екі ортада ұшақтың басқаруға «бағынбай» жатқанын, гидравликаның істен шыққанын да ескертіп үлгерген.

Экипаж ұшақты Минералды суларға (Ресейдегі қала) қондыруға оқталғанмен, ондағы ауа райы жайсыз болады. Махачқала мен Бакудегі жағдай да осыған ұқсас екені анықталады. Ақыры ауа райы жағынан да, әуеайлақ дайындығы жағынан да қолайлысы Ақтау болған соң, сонда бет бұрады. Сәлден соң капитан жолаушылар кабинасындағы оттегінің таусылуға таяп қалғанын хабарлап, «бәлкім оттегі баллондарының бірі жарылған болар» деген ұйғарымға келеді. Салондағы адамдарға ауа жетпей, есінен тана бастағанын көргенде экипаждың өзі де қатты абыржыған.

06:02-де ұшқыштар «Mayday» дабылын қосып, дереу қонуға рұқсат сұрайды, әрі ұшақтың басқару тетіктері мүлдем істен шыққанын айтып үлгереді. Бұл "қара жәшікте" сақталған ұшқыштардың соңғы сөзі… Осыдан кейін, 06:22 шамасында экипаж шассиді шығарып, қонуға дайындалуға кіріседі. 06:27-де ұшақ апатқа ұшырайды. Апаттан үш экипаж мүшесі мен 35 жолаушы опат болды. Бұған дейін Әшкере Ақтаудағы апатқа сыртқы фактор әсер еткенін, ұшақтан шығу тегі белгісіз бөгде заттар табылғанын хабарлаған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close