Әлеумет және қоғам
Белгілі әнші: Қазақ тілін білмейтіндерге айыппүл салу керек

Фото:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, əнші, қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Бір айыппұл түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», — деді ол.
Өнер иесінің бұл бастамасын оқырмандары бірауыздан қолдады.
«Астана мен Солтүстіктегі орыс болып кеткен қазақтар әліппе жаттасыншы», «Аз ғой, 1 миллион теңге салынсын», «Әп бәрекелді», «Келісемін», «Толық келісемін. Өз тілімізді өзіміз құрметтемей кеттік шүлдірдеп», «Орынды ұсыныс», — деп жазған олар.