Әлеумет және қоғамБілім
Президент жастардың креативті индустрияда табысқа жетіп жатқанын айтты

Фото: Ақорда
“Жаңа адамдар” жастар форумында Президент осы мәселені айрықша көтерді, деп жазды qandastar.kz
Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде заман талабына сай білікті мамандар өте көп.
“Мұғалімдер, дәрігерлер, ғалымдар, инженерлер, өнеркәсіптегі жұмысшылар және басқа да мамандар бар. Қазақстан жастары креативті индустрияда да көптеген табысқа жетіп жатыр.
Сондай дарынды азаматтардың арқасында бүкіл әлем жұртшылығы Қазақстанды талантты әрі еңбекқор адамдардың елі деп танитын болды. Мемлекет креативті индустрияның дамуына барынша ықпал етеді. Қазір арнайы қор құрылып жатыр. Ол әдебиет, музыка, кино, сериал және компьютер ойындарына қатысты жобаларды жүйелі түрде қолдаумен айналысады.
Жастардың қарым-қабілетін көрсетуіне бұл да бір керемет мүмкіндік. Ең бастысы, адал еңбек етіп, адал табыс табу, яғни адал азамат болу», — деді мемлекет басшысы.