Білім

Қазақстанда балалар мен жастарға қандай қолдау бар?

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жаңа адамдар» форумында елдегі жастар саясатына қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан балаларға жасалған мүмкіндікті де тілге тиек етті, деп жазды qandastar.kz.

«Қазақстан балалар мен жастарға жан-жақты қолдау көрсететін әлемдегі аз елдің бірі. Дүниеге келген әр сәби бірден ұлттық бағдарламалардың қатысушысына айналады. Өздеріңізге мәлім, екінші жыл қатарынан Ұлттық қор табысының бір бөлігі балалардың есепшотына түсіп жатыр. Кәмелет жасына толғанда олар жинақталған қаржыны оқуға немесе баспана алуға жұмсай алады. Бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» бағдарламасы іске қосылды”, — деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл жүйе ата-аналар үшін өте қолайлы екенін алға тартты. Сол арқылы балаларының болашақта алаңсыз білім алуына қаражат жинайды. Әр бала алты-жеті жастан бастап мектепте тегін білім алады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close