Әлем жаңалықтары

Олжас Климин Азия ойындарында топ жарды

Фото: ҰОК

Шаңғы жарысынан Қазақстан құрамасының өкілі Олжас Климин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді, – деп хабарлайды qandastar.kz

Қазақстандық спортшы 10 шақырымдық еркін стильдегі жарыста ел намысын сәтті қорғады.

Климиннің мәреге жеткен уақыты – 21:20.3. Жеңісті жапониялық Харуки Ямашита (21:06.5) иеленсе, оның командаласы Такацуга Уда (21:16.5) екінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Константин Борцов спринтте күміс жүлдегер атанған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close