Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар
Қырғыздардың Кенесары ханды өлтіргені үшін кешірім сұраған әнші қамауға алынды

фото: ашық дереккөз
Қырғыздардың Кенесары ханды өлтіргені үшін кешірім сұраған әнші қамауға алынды, деп жазды qandastar.kz
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті өнерпазды осы сөзі үшін халықаралық араздық тудырды деп күдік келтіріп отыр. Ол жақтың заңы бойынша, ұлт араздық тудырғандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Әнші Қайратбек Примбердиев қазақстандық youtube арналардың біріне сұхбат беріп, Орман ханның Кенесарыны өлтіруге мәжбүр болғанын айтып, кешірім сұраған. Әрі Кенесары ханның басын қайтарып, Құран оқып, екі ел арасындағы өкпені ұмытуға шақырған болатын.
«Мен бұл үшін қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қазір жылағым келіп тұр», – деген еді.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, өнерпаздың бұл сөзі қырғыздар арасында дау тудырды. Тіпті сол елдің мәдениет вице-министрі бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қырғыздардың Орман ханның әрекеті үшін кешірім сұраудың жөні жоқ. Өйткені, ол өз жерін қорғаған, — деді.