Жаңалықтар

Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу аяқталды

Фото: ашық дереккөз

Костенко шахтасында 46 кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп жазды qandastar.kz

Бас прокуратура бұл оқиға бойынша тергеуді аяқтады. 10 күдікті Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі бойынша қауіпсіздік ережелерін бұзды деп айыпталып отыр. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов хабарлады. Еске салайық, 2023 жылдың қазан айында Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 жұмысшы қаза тапқан болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close