Жаңалықтар

Қазақстандық әкімдердің 60%-ы бұрын әкім болмаған және мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген

Фото:Midjourney

Вице-премьер Қанат Бозымбаев елімізде «Әкімдер мектебі» жұмысын бастағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін болып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді, деп  хабарлайды qandastar.kz

Stan.kz жазғандай, оқыту жобасы экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды.

Қанат Бозымбаевтың сөзінше, 2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін сайлау азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуын қамтамасыз етті. Сөйтіп әкімдердің жауапкершілігін арттырды. Содан бері 2,5 мыңнан астам ауыл әкімдері сайланған.

«Жаңа лауазымға келгеннің бәрі 60%-ы бұрын әкім болмаған және мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Кейбіреулері – кәсіп иелері немесе партия қызметкерлері. Осылайша, әкімдер корпусы айтарлықтай жаңартылды. 2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Барлық өңірде 45 әкім сайланды. Биылдан бастап барлық ауданның әкімі тікелей сайлау арқылы ғана қызметке кіріседі. Бұған байланысты бүгінгі «Әкімдер мектебін» іске қосу уақытылы әрі орынды шешім деп санаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», – деді Қанат Бозымбаев.


Еске салайық, бұған дейін 28 қаңтарда үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайланатын әкімдер арасында мемлекеттік қызметте істемеген әрі жастар көп екенін айтып, оларды дайындықтан өткізу үшін “Әкімдер мектебі” жобасын қосуды тапсырды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close