Жаңалықтар

«Қазақмыс» Ұлытаудағы шахта апатының алдын ала себебін жариялады

Фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысында «Жомарт» шахтасындағы апатта үйінді астында қалған жетінші жұмысшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда. «Қазақмыс» корпорациясы апаттың алдын ала себебін айтып, қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек берілетіні жөнінде мәлімдеме жасады, —  деп хабарлайды qandastar.kz

Корпорация ұсынған алдын ала мәліметке сәйкес, «Қазақмыс» корпорациясының кеніштері үшін тән емес табиғи газдың жарылысы болған.

— Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Қайғылы жағдайды тергеу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Трагедияның барлық мән-жайын анықтауда толық көмек көрсетуде. «Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — делінген хабарламада.

«Қазақмыс» ұжымдық келісімшартта көзделгендей, «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

— Әлеуметтік және материалдық қолдау мақсатында, соның ішінде моральдық зиянды өтеу үшін қаза тапқандардың отбасыларына жұмыскердің орташа жылдық жалақысының 10 еселенген мөлшері және 2 миллион теңгеден астам жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға төленеді.

Сондай-ақ асыраушысынан айырылу жағдайына ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несие және қарыздарын жабу, сондай-ақ отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрлері қарастырылған, — делінген корпорацияның ресми мәлімдемесінде.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close