Қаржы және төлемдер

Қызылордадағы білім орталығының есепшісі 50 млн теңгені өзіне аударып алған

Фото: ашық дереккөз
Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, деп хабарлайды qandastar.kz

Нәтижесімен «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іс-сапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есеп шотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2)тармағымен қылмыстық іс тіркелді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close