Жаңалықтар

Қандастарға материалдық көмек: жеңілдіктер, жәрдемақы, төлемдер

Қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне келесі қосымша материалдық көмек беріледі. Жергілікті атқарушы органдар қандастарды қабылдау квотасынан тыс Қазақстан Республикасына қоныс аударған қандастарға және олардың отбасы мүшелеріне ҚР азаматтығын қабылдау туралы шешімді шығарғаннан кейін тұрақты тұрғылықты жеріне бару және мүлікті тасымалдау бойынша шығындарды өтеуді қамтитын бір жолғы жәрдемақыларды белгілей алады.

Жәрдемақы төлеу тәртібі мен шарттарын халықтың көші-қон мәселелері бойынша уәкілетті орган бекітетін үлгілік қағидалар негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері бекітеді.

Қандастардың көшіп келу квотасына енгізілген қандастар мен олардың отбасы мүшелері ҚР аумағына кіру кезінде көлік құралдарын қоса алғанда жеке пайдалануға арналған мүлікке кеден төлемдерін төлеуден босатылады.

Қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген отбасыларға 2017-2021 жылдарға Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы аясында субсидия беру түрінде мемлекеттік қолдау шарасы көрсетіледі:

  • көшу үшін – отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК бір жолғы төлем.
  • тұрғын үй жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу шығыстарын жабу үшін, ол ай сайын 12 ай ішінде 15-30 АЕКаралығында бір отбасына төленеді.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close