Қаржы және төлемдер
Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жіберілген хабарламаларды кері қайтарып алды

Фото:pexels
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 93 блогерге жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алды, деп хабарлайды qandastar.kz
«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 53,3 млрд теңгеге 594 блогер бойынша бұрын жіберілген 1014 хабарламадан жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 93 блогерге жіберілген 169 хабарламаны кері қайтарып алу жүргізілгенін хабарлайды», – делінген ақпаратта.
Zakon.kz. жазғандай, комитеттегі хабарламалардың күшін жоюдың себебі оларды жіберу және өңдеу процесінде техникалық ақаулардың пайда болуы деп аталды.