Әлем жаңалықтары
Странджа кубогына тағы кімдер қатысады?

Фото: ҰОКі
Болгария астанасы Софияда өтетін дәстүрлі «Странджа кубогына» қатысатын қазақстандық боксшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz
Аталмыш турнирдің ауқымы өте кең болғандықтан оны «кіші әлем чемпионаты» деп атап кеткен. Турнир 24 ақпанда басталады. Оған Қазақстан екі құраммен қатысады.
Ерлер құрамасы:
- 48 келі: Теміртас Жүсіпов, Санжар Тәшкенбай;
- 51 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров;
- 54 келі: Махмұд Сабырхан, Тимур Қабдешев;
- 57 келі: Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев;
- 60 келі: Талғат Сырымбетов, Серік Теміржанов;
- 63,5 келі: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов;
- 67 келі: Төрехан Сабырхан, Санатәлі Төлтаев;
- 71 келі: Абылайхан Жүсіпов, Фарух Тоқтасынов;
- 75 келі: Сабыржан Аққалыков, Тимур Нұрсейітов;
- 80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас;
- 86 келі: Нұрбек Оралбай, Бекзат Нұрдәулетов;
- 92 келі: Данияр Рахымбердинов;
- +92 келі: Айбек Оралбай, Нұрлан Сапарбай.
Қыздар құрамасы:- 48 келі: Әйгерім Сәттібаева, Ақбота Болат;
- 50 келі: Гүлнар Тұрапбай, Елянур Турганова;
- 52 келі: Жазира Орақбаева, Жансая Рахымберді;
- 54 келі: Элина Базарова, Әнел Сақыш, Сымбат Әлиасқар,
- 57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова;
- 60 келі: Римма Волосенко, Анар Тұрсынбек;
- 63 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева;
- 66 келі: Ұлдана Таубай, Гаухар Шайбекова;
- 70 келі: Әзиза Исина;
- 75 келі: Шұғыла Нәлібай;
- 81 келі: Жібек Жарасқызы;
- +81 келі: Ләззат Күнгейбаева, Дина Исламбекова.
Қазіргі таңда спортшылар Болгарияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.