Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Құлбек Ергөбек Қонаевтың пәтері өзіне қалай мұра болып қалғанын айтты

Фото: massaget.kz 

Құлбек Ергөбек Қонаевтың пәтері өзіне қалай мұра болып қалғанын айтты, деп жазды qandastar.kz

Жазушы, әдебиет сыншысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құлбек Ергөбек Adal Adal youtube арнасына берген сұхбатында мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев ғалым Бейсембай Кенжебаевқа өзінің пәтерін бергенін айтты.

«Қонаев 1961 жылы өзі кірейін деп тұрған пәтерді Бейсембай Кенжебаевқа сыйлайды. Ол былай болған. Бейсекең Димекеңе кіріп жағдайын айтқанда «сізден ұят болды-ау» депті Қонаев. «Маған пәтер берілейін деп жатыр, Басарықтың төменгі жағынан (қазіргі Төлебаев-Қабанбай батыр көшелерінің қиылысы). Соны сіз алыңыз» деп төрт бөлмелі пәтерді берген. Сосын Димекең Бейсекеңе қудаланып жүргеніне қарамастан Ленин орденін әперген. Мұнысы ерлік енді. Мен Қонаев берген пәтерде 1980 жылдан 1987 жылға дейін Бейсекеңнің баласы болып бірге тұрдым. Ол көзінің тірісінде Димаш Ахметұлына хат жазып, «менің шәкіртім, балам Құлбек Ергөбекке осы пәтерді беруіңізді сұраймын, өз балаларымның да өтініші осы» деген болатын. Ол хат менде тұр», – деді жазушы-ғалым.

Құлбек Ергөбектің айтуынша, өзіне мұра-аманат болып қалған пәтерді Бейсембай Кенжебаевтың музейіне айналдыру жоспарда бар.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close